Аягөз қаласындағы №6 мектептегі қайырымдылық.

Аягөз қаласындағы №6 мектепте «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы «Менің таңдауым балаларға көмек көрсету» атты ізгі шарамен өз жалғасын тапты. Аягөз қалалық мешіті атынан «Жаңауыл» мешітінің имамы Қуанышбек Нұрмыханұлы 10 – нан астам мектеп құралдары салынған сөмкені мектеп ұжымына табыс етті. Сонымен қатар басқада мекемелер тарапынан ізгі іске үлестер қосылды.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.