Аягөз қаласындағы Құрбан айт мерекесі

Аягөз қаласында қасиетті Құрбан айт мерекесіне халық таң бозынан жиналып, бас имам Думан Нәдірұлы айт мересінің құрметі жайлы уағыз насихат айтты.  Ақсақалдар бата беріп,  жүрек  жарды лебізін білдірді. Мешіт ауласында жамағатқа күріш таратылып, балаларға балмұздақ үлестірілді. Мешіт жанынан құрылған жастар бөлімі мүшелері ұлттық спорт сайыстарын ұйымдастырды. Қой көтеруден сайыс жеңімпазына марапатпен сыйлық тапсырылды. Айт құрметіне әйел – қыздар секторы мүшелері жәрмеңке ұйымдастырды.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.