الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Аягөз қаласындағы Мәуліт мерекесі

Аягөз қаласында «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» мәдениет үйінде Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) құрметіне «Мәуліт» мерекесі өткізілді. Сахна шымылдығы ҚМДБ – ның «Шөлге түскен сәуле» атты бейнефильмімен ашылып, әкімшілік тарапынан құттықтаумен жалғасты. Мереке мешіттен дәріс алатын қыз шәкірттердің қасиетті құран оқуымен қатар дұға жасауы, мәдениет үйі әртістерінің «Жаңбырлы көз жасы», «Мейірімді қыз», «Әкеме айтып қоймаңызшы» атты көріністері көпшілік көңілінен шықты. ҚМДБ – ның Семей аймағы бойынша өкіл имамы Мақсат қажы Қуанышбекұлының Пайғамбарымыздың өнегелі ғұмырынан, дініміздің асыл құндылықтарын ұстанған бабалар жолы жайлы насихатын мерекеге келушілер ықыласпен қабыл етті. «Ән көңілдің ажары» — дегендей ақын Қазыбек Байжұманұлының арнауы, әртістердің домбырамен орындаған термелері жамағаттың рухын асқақтатты. Аягөз қалалық мешітінің 2017 жылы атқарған істері жайлы бейнебаян көрсетіліп, аудан имамы Думан  Нәдірұлы мерекені қорытындылады.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.