الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Аягөз қаласындағы Мәуліт мерекесі

Аягөз қаласындағы «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» мәдениет үйінде екі дүние Сұлтаны Әз — Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) туылған айы құрметіне Мәуліт мерекелік шарасы аталып өтті. Сахна шымылдығы шақырылған азанның әуезді үнімен жайлып ашылып, мешіт имамы, ұстаздарымен шәкірттердің Пайғамбарға салауат айтуымен басталды. Аудан әкімі Ділдәбек Тәжібайұлы жиналған көпшілікті мерекемен құттықтап, ақ тілегін білдірді. Белгілі айтыскер ақын Дидар Қамиевпен Нұрмухамед Байсүгіровтің айтысы мерекенің ажарын аша түсті. Демеушілер айтыс ақындарына ат шапанымен сый – сыйапатын жасады. Мәденеит үйінің әртістері дайындаған сахналық қойылым еріксіз көзге жас алдырып, көпшіліктің көңілінен шықты. Аягөз қалалық мешітінің 2019 жылы атқарған істерінен бейнеролик көрсетіліп, домбырамен діни әндер шырқалды. Мереке соңынан ақжаулықты әжелер шашу шашып, жиналған қауым мерекелік көңіл күймен келесі Мәулітке амандықпен жетуді тілесті.

Аягөз қалалық мешітінң баспасөз қызметі