Аягөз қаласындағы Ораза айт мерекесі

Аягөз қалалық мешітіне көпшілік таң бозынан ағыла бастады. Мешіттің бас имамы Думан Нәдірұлы ораза айт мейрамы жайлы насихат айтып, айт намазының тәртібін баяндады. Аудан әкімінің орынбасары Серікқазыұлы Болат мырза  әкім атынан мерекемен құттықтап, жүрек жарды тілегін білдірді. Келесі сөз алған аудандық мәслихат хатшысы Сейілбек Абиұрұлы ел тыныштығының арқасында жастардың жарқын болашағын айтып, келесі жақсы күндерге жетуді тілеп, айтпен құттықтады. Айт намазынан кейін мешіт ауласынан демеушілер арқылы салынған спорт алаңының ашылу салтанаты өтті. Ел ағалары спорт алаңының лентасын қыйып, ақжаулықты аналар шашу шашып, аталар ақ баталарын берді.  Қақпаға алғашқы гол соғу рәсімінде «Қайрат» футбол клубының ойыншысы Аягөздік Нарун Адилбекұлы қақпада тұрып, әкім орынбасарымен қонақтар жағы доп соқты.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі