Аягөз мешітінде ұлттық мереке ұлықталды.

Мешіт құлшылық орыны ғана емес, ұлттық құндылықтарымыз бен салт дәстүірлерімізді насихаттауда жарқын үлгі көрестіп те жүрген орын.  Бас мүфтидің осындай ұстанымын берік ұстанған Аягөз қалалық мешітінде ерекше іс –шара өтті. Барша мұсылманға парыз болған қасиетті жұма намазын өтеген жамағат көнеден келе жатқан ұлттық мерекемеміз Әз Наурыз құрметіне тағылымды іс шаралар тізбегін өткізді. Атап айтар болсақ мешіттің алдына ақшаңқан қазақ үй тігіліп, іші бабаларымыз тұтынған құндылықтармен толтырылды. Арқан тартыс, кір көтеру, қол күресі сынды спорт түрлерінен жарыстар өткізіліп қайрымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ, жиылған көпшілік арнайы жасалған наурыз көжеден дәм татып мәре – сәре болды.

Жұма намазының құлшылығынан соң осындай тағылымды іс-шараға куә болған көпшілік разы пейілдерімен тарасты. Сайыстар мен спорттық ойындар жеңімпаздарына наиб имам Нұржан Медеуханұлы алғыс хаттар мен сый –сияпаттар табыс етті.

Гір көтеруден

1 орын Жанабеков Тілеужан.

2 орын Нұрғалиев Нұртай

3 орын Ақан Тұрар.

Қол күресінен

1 орын Нұғалиев Нұртай

2 орын Шонаев Құрманғазы

3 орын Жақсылықұлы Мағжан

 

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.