Аягөз мешітіндегі дәріс

Аягөз қалалық мешіті жанындағы «Шайхан қари» атындағы діни сауат ашу орталығында сабақ алатын апайлар тобына наиб имам Дәулет Қинаятұлы ҚМДБ тарапынан шыққан «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабынан дәріс берді. Дүниеден өткенді жуындыру, кебіндеу мәселелері тәжірибе жүзінде көрсетіліп түсіндірілді. Алдағы уақытта дәріс жалғасын таппақ.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.