Аягөз орталық кітапханасында Елбасы жолдауы талқыланды.

Аягөз қаласындағы орталық кітапханада Елбасының 2017 жылы қаңтар айындағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауы бойынша дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге бірнеше мекемеден мамандар, кітапхана оқырмандары мен зағип жандар қатысты. Аягөз қалалық мешітінен наиб имам Нұржан Медеуханұлы өз ой пікірін білдірді.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.