الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Аягөз жаңалықтары (фото)

Қалалық мұражайдағы кездесу.

Аягөз қаласындағы орталық мұражайда политехникалық колледж студенттерімен кездесу өтті. Бұл жиынға Аягөз қалалық мешітінің бас имамы Думан Нәдірұлы және наиб имамдар Дәулет Қинаятұлы, Нұржан Медеуханұлы мұражай қызметкерлерімен колледж ұстаздары қатысты. Мұражай қызметкері баяндама жасап, мешіт имамы асыл дініміз Ислам құндылықтарына тоқталып, қоғамдағы жат ағым мәселелеріне тоқталып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. Кездесу соңы мұражайды аралап, ондағы құнды жәдігерлермен танысумен ұласты.

 

Аягөз қаласындағы №6 мектептегі басқосу.

Аягөз қаласындағы №6 мектепте «Рухани жаңғыру» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Аягөз қалалық мешітінің наиб имамы Нұржан Медеуханұлы тарих пәнінің ұстазы Анар ханым 9 класс оқушыларына имандылықпен тәлім – тәрбие жайлы баяндама жасап, наиб имам ұлттық салт — дәстүрімізбен дін сабақтастығы жөнінде насихат айтты.

 

Аягөз қалалық мешітінде заман талабына сай әдепхана ашылды.

Аягөз қалалық мешітінде заман талабына сай әдепхана ашылды. Өйткені уақыт өте келе бұрынғы дәретхана тозығы жетіп, ескірді. Көпшіліктің қолдауымен салынған дәретхана ерлер мен әйелдерге арналған. Осынау құрлыстың басы – қасында жүріп, аяқтатуына атсалысқан азаматтарға мешіт имамы көпшілік атынан алғыс айтып, құрлыстың басталуынан аяқталуына дейін жүрген Мұса қажыға шапан жабылып, алғыс хатпен сый – сыйапат табыс етілді.

 

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.