الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Аягөз жаңалықтары

Аягөз мешітінде қарттарға алғыс білдірілді.

Аягөз қалалық мешітінде қасиетті жұма намазынан соң, «Шайхан қари» атындағы діни сауат ашу орталығында «Қарттарым асыл қазынам» атты шара өтті. Мешіттің намазхан ақсақалдары, ыстық суығына жанашыр қауым ақдастархан басында жиналды. Проектордан бейнеролик көрсетіліп, домбырамен терме, ән айтылып, қарттарға мешіт имамы Думан Нәдірұлы алғыс айтты. Бір жасап қалған қариялар ізгі шарада мешіттің имамдарына бата беріп, жүректеріндегі игі тілектерін білдірді.

Шағын футболдан өткен жарыс.

Аягөз аудандық ішкі саясат бөлімі және қалалық орталық мешіті бірлесе отырып, шағын футболдан жамағат арасында жарыс өткізді. Жарысқа он команда қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша I — орын «Жаңауыл — 1» мешіті командасы, II — орын «Қыран» командасы, III — орын «Майлин» ауылдық мешіті командасы бөлісті.  Мешіттер арасында алдағы уақыттарда да осындай спорттық ізгі істер жалғасын таппақ.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.