الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Аягөз жаңалықтары (фото)

Аягөз қаласындағы №1 орта мектептегі кездесу.

Аягөз қаласындағы №1орта мектепте 9 класс оқушыларымен «Жат ағым – жарылқамайды» — атты тақырыпта кездесу өтті. Орталық мешіттің бас имамы Думан қажы Нәдірұлы және наиб имам Дәулет Қинаятұлы аталмыш жиынға қатысты. Бас имам ағымдардың шығуы, дініміздегі иманның шарттарын, бабалар тарихымен байланыстыра баяндап, жат ағымнан сақтану жолдарын түсіндіріп өтті. Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.

«Әйел – қыздар» секторы жиыны.

Аягөз қалалық мешіті жанындағы «Шайхан қари» атындағы діни сауат ашу орталығында «әйел – қыздар» секторы мүшелерінің жиыны өтті. Жиында биылғы жылда атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы жылда атқарылар жоспарлар талқыланды.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.   

Жұма күнгі мешіттегі жәрмеңке.

Аягөз қалалық мешіті ауласында қасиетті жұма күні қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Қайырымдылықтан түскен қаражат Ерланқызы Шырайдың жасалатын отасына соңғы қаржыны жинақтауына байланысты ұйымдыстырылған болатын. Мешіт жанынан құрылған жастар бөлімімен «әйел – қыздар» секторы мүшелері өздері жасаған тағамдарын жәрмеңкеде саудалады.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.

Неміс ұлты Исламға келді.

Аягөз қаласында неміс ұлты Гельмел Сергей Ислам дінін қабылдап, мұсылман болды. Көзі жасқа мөлтілдеген Сергей кәлима айтып, мешіт имамы дініміздің құндылықтарын түсіндіріп, намаз оқып үйренеміз, Пайғамбар тарихы кітаптарын сыйға тартты.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.

«Жаңауыл» мешітінің ізгілігі.

Аягөз қаласындағы «Жаңауыл» мешітінің имамы Қуанышбек Нұрмыханұлы мешіт жанынан құрылған жастар бөлімі, жамағат қолдауымен жалғыз басты қарт ананың үйіне тазалық жұмыстарын жүргізіп, жағдайын біліп қайтты. Қарт ана мешіттің осындай ізгі ісіне разы болып, алғысын білдірді.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.

 

«Жаңауыл» мешіті жастарының басқосуы.

«Жаңауыл» мешіті жанынан құрылған жастар бөлімі ақдастархан басында басқосып, уағыз насихат айтып, насихат арты қызықты тартыс, мергендік дартсқа ұласты. Жастар арасынан үздік мергендерге алғыс хат табыс етіліп, алдағы уақытта осындай істерді өткізіп тұру жоспарланды.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.

Жастар бөлімі бас қосты.

Аягөз қаласындағы «Жаңауыл» мешіті жанынан құрылған жастар бөлімі мүшелері ақ дастархан басында бас қосып, осы жылды қорытындылап, алдағы жылы атқарылар істердің жоспарын құрып, өз ойларын ортаға салды. Мешіт имамы Қуанышбек Нұрмыханұлы ізгі іске мұрындық болып, Алла үйі мешітке қамқор болған жастарға алғыс білдіріп, мешітке жанашыр жастардың көп болуын тіледі.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.