الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Аягөз жаңалықтары (фото)

Аягөз қалалық мешітіндегі жәрмеңке.

Аягөз қалалық мешітінде қасиетті жұма күні мешіт ауласында жәрмеңке ұйымдастырылды. «Әйел – қыздар» секторымен жастар бөлімі бірлесе отырып, әртүрлі тағамдар, тәттілер, кәуәп дайындады. Жәрмеңкеден түскен қаржыны, мешіт имамы оқу ақысын төлей алмай жүрген студенттің ата – апасына табыстады.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.

 

Аягөз ауданына қарасты қос ауылдағы Мәуліт мерекесі.

Аягөз ауданына қарасты қос ауылда сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с) құрметіне Мәуліт мерекесі аталып өтті. Тарбағатай ауылында таңертең басталған Мәуліт мерекесі ауыл әкімінің құттықтауымен басталып, аудан имамы Думан қажы Нәдірұлы уағыз насихат айтып, мерекемен құттықтады. Ақ дастархан басында Пайғамбарымыз (с.ғ.с) — ға салауат айтудың сауаптығы жайлы уағыз айтылып, мектеп оқушылары жыр шумақтарын оқып, құран бағышталды. Түстен кейін мереке Ақши ауылында жалғасын тапты. Ауылдың мәдениет үйінде сахна төрінде құран оқылып, салауат айтумен, мектеп оқушылары, қаладағы жастар бөлімі дайындаған көріністермен, діни әндер орындалып, бейне роликтер көрсетілді. Ауыл әкімі халықты мерекемен құттықтап, аудан имамы Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өмірінен уағыз насихат айтып, ел – жұрт амандығын тіледі.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі