الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Аягөз жаңалықтары топтамасы Фото

Отбасы тәрбиесіндегі: «Әжелер мектебінің ролі»

 Аягөз қалалық мешітінде «Әйел — қыздар» секторымен «Әжелер мектебі» бірлесе отырып, «Отбасы тәрбиесіндегі: Әжелер мектебінің ролі» атты  тақырыпта семинар өткізді. «Шайхан қари» атындағы діни сауат ашу орталығы ұстазы Әсел Рымғалиқызы проектордан «Отбасы құндылығы» атты бейнеролик көрсетіп, «Әжелер мектебі» мүшелері «Қазақы тәлім тәрбие», «Келін тәрбиесі – киелі тәрбие», «Әйел бақыты», «Отбасындағы дағдарыс» атты баяндамалар жасады. Қазақы ән – күй шырқалып, аналарға алғыс хат пен гүл шоқтары табысталды.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі

 

Аналар дастархан басында бас қосты

Аягөз қалалық мешіті жанындағы «Шайхан қари» атындағы діни сауат ашу орталығында ақдастархан басында ақ жаулықты аналар бас қосты. Жиналған «Әйел – қыздар» секторы мүшелеріне әжелер ақыл – кеңестерін айтып, тәтті дәмділермен шәй ішіліп, әнмен жырлар шырқалып, сұрақтарға жауап берілді.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі

 

Мешіт жастарының жиыны

Аякөз аудандық әкімдігінің кіші мәжіліс залында Аягөз қалалық мешітінің жастар бөлімі мүшелерімен Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтіп, мешіт аралық достық кездесудегі жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті. Семей қаласынан келген жастар бөлімі басшысы Айдын Жүнісбек мешіттің жастар бөлімі мүшелерімен өз ойын бөлісті.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі

 

Достық кездесу

Аягөз ауданына қарасты Мамырсу ауылдық спорт мектебінде футболдан достық кездесу өтті. Футболға Семей қаласы мешітінен команда, Аягөз орталық мешіті, Жаңауыл ауылдық мешіті, Мамырсу ауылдық мешіті командалары қатысты. Достық кесдесу өтті тартысты өтті. Футболда Семей қаласынан келген команда топ жарды.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.