Аягөздегі «Мектепке жол» акциясы

Аягөз қалалық мешіті жылдағы қалыптасқан үрдіспен «Мектепке жол» акциясын өткізді. Әлеуметтік аз қамтылған, көп балалы 120 – дан астам отбасыларына мектепке қажетті құрал жабдықтар салынған сөмкелермен қатар, арнайы кәсіби шаштараз алдырылып, оқушылардың шаштарын қиып берді. Мешіт имамы Думан Нәдірұлы алдағы уақыттада ізгі іс жалғасын табатындығын баяндап, шәкірттерге оқуда озат болып, ата – ана алдындағы ақ тілеуді ақтауды атап өтті. Мешіт жанашыры Рысбек қажы оқушыларға сәттілік тілеп, ағалық батасын берді. Ақжаулықты аналар мешіттің игілікті ісіне алғыстарын айтып, разылықтарын білдірді.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі