Аягөздегі «Шаңырақ шаттығы» атты келіндер сайысы.

Аягөз қалалық мешіті, аудандық ішкі саясат бөлімімен бірлесе отырып, мешіт жанындағы «Шайхан қари» атындағы сауат ашу орталығында «Әйелдер – қыздар» секторы мүшелері «Шаңырақ шаттығы» атты келіндер сайысын өткізді. Мешіт имамы Думан Нәдірұлы дінмен дәстүрдің сабақтастығы жайлы насихат айта келіп, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. «Алаш арулары» және «Жәннат гүлдері» атты командалар «Таныстыру», «Ата – анағамен сыйласу» дебаты, «Үй жұмысы», «Кемел дұға», «Алфавит», «Сүйіктімнің тағамы», «Бейнеролик», командалар көрінісі және көрермендермен ойын бойынша сынасты. Әділ қазылар келіндердің әр әрекетін жіті қадағалап, әділ бағаларын беріп, әжелер бата беріп, шашу шашты. Сайысты қорытындылай келе, «Алаш арулары» командасы жеңімпаз деп танылды. Жеңімпаздар мен қатысушыларға демеушілер тарапынан марапатпен қатар, сый – сыйапаттар табыс етілді.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.