Әйел қыздар секторы өткізген Әз – Наурыз.

Аягөз қалалық мешіті жанындағы «Шайхан қари» атындағы діни сауат ашу орталығында әйел – қыздар секторы ұстаздармен бірігіп ұйымдастырған сауат ашу орталығында дәріс алушы шәкірттер қатысқан Әз – Наурыз ұлттық мерекесі өткізілді. Мешіттің наиб имамы Дәулет қажы Қинаятұлы мерекемен құттықтап, насихат айтты. Шәкірттер екі ауыл болып бөлініп, дастархан жайып, шәкірттер арасында сәлем беру, мақал – мәтел, жұмбақ жасыру ойындары ойналып, домбырамен ұлттық әндер айтылып, би биленді. Қонақ күту сыбағасымен қатар көрініс көрсетіліп, қатысушыларға сұрақ – жауап қойылды. Жауап берушілерге сый беріліп, мерекеге қатысушы шәкірттерге тәттілер үлестірілді.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.