АЗАНДЫ ӘНГЕ ҚОСҚАН ДИДЖЕЙДІ СОТТАП ЖІБЕРДІ

Тунис мемлекетінің соты жергілікті барлардың бірінде диджей болып жұмыс жасайтын британдық азаматты бір жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған. Dax J деген лақап атпен бүркенген Лондон қаласының тумасы қасиетті азан сөздерін әнге қосып, ремикс жасаған көрінеді.

Алайда, өзіне төнген қауіпті алдын ала сезген «сазгерсымақ» өзіне үкім шығарылмай жатып, елден кетіп үлгерген екен. Кетіп бара жатып Тунис халқынан кешірім де сұрап үлгеріпті. Бұл жайында ВВС арнасы таратқан хабарда айтылады.

Ал, диджей жұмыс жасаған түнгі клуб осы оқиғадан соң өз жұмыс тоқтатқан. «Біз діни сенім мен құндылықтарға тиісуіне жол бермейміз», – деп атап өтті Набеул қаласының губернаторы Мнауар Уэртэни.+

 

Muslim.kz