الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

    Бақтыда өткен аудандық турнир

Семей аймағына қарасты Мақаншы ауданы Бақты ауылында Бақты ауылдық мешіті Бақты мешіт командасының тұсаукесеріне орай кіші футболдан аудандық турнир ұйымдастырды. Турнирге ауданымыздың ауылдарынан 14 команда келді. Биылғы жыл  «Жастар жылы» жылы болып жарияланғаны баршамызға мәлім. Бұл жарыстың басты мақсаты аға буын өкілдерінің өскелең ұрпаққа үлгі – өнеге көрсетуі болатын. Осыны басты қағида етіп ұстанған ауыл имамы мешіт жамағаттарымен ақылдаса отырып қолға алған болатын. «Бақты ауылы мешіті» футбол командасын құрылуына  бастама көтерген  Медет Ержанұлы болды. Осындай игі істер ауыл кәсіпкерлері мен шаруа қожалықтарынан да қолдау тауып, ауылда аудандық деңгейде бір шара өткізуге бел буды. Аталған турнир қасиетті Жұма күні «Ораза айттың» үшінші күнімен тұспа – тұс келді.

   Жарыс жалауы «Бейсембай Сахариев атындағы Бақты орта мектеп — бақша» КММ – сінің спорт залында көтерілді. Салтанатты шара барысында жарысқа қатысушыларға ауыл әкімі Алмас Ахметұлы мен имам Ермек Рамазанұлы және мектебіміздің ұстазы Қайрат Орынбекұлы құттықтау сөз сөйлеп, барлық футболшыларға сәттілік тіледі. Салтанатты шарадан соң команда капитандары жеребе тартып, өз командаларының қарсыластарын анықтады. Екі топқа бөлініп, футболшылар жарысты бастап кетті. Түске дейін ақтық сынның бәсекелері өтті. Өз топтарында жеңіске жеткен,әр топтың жеңімпаздары анықталды. Жарыстың қорытындысы бойынша командаларға жүлделер табысталды.

 I орын алған командаға  3 дөнен қойдың сертификаты

II орынға 2 дөнен қойдың сертификаты

III орынға 1 дөнен қойдың сертификаты мен ескерткіш медальдар және арнайы әзірленген кубоктармен марапатталды.

Соңында мешіт  қатымханасында түскі ас беріліп , құран – қатым түсірілді.

Қасиетті Рамазан айында  сауабы мол осындай игі шараны өткізуге мұрындық болып жатқандарыңызға,көп – көп рақмет. Ел үшін, жас ұрпақ үшін жасап жатқан еңбектеріңіздің берекесін берсін демекпіз. Ел ертеңі , келешек кемел жастарымыз үлгі тұтар осындай таным мен тағылымы мол  жарыстарымыз әлі де өз жалғасын таба берері сөзсіз. Алла, разы болсын, сіздерге.

                                                                                  Марат Құспанұлы Бақты ауылы