الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

БАС МҮФТИ ДІН ЛИДЕРЛЕРІНІҢ VI СЪЕЗІНЕ ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезіне қатысты.

Бас мүфти съезд барысында Ислам әлемінің діни қайраткерлерімен сұхбаттасты. Атап айтқанда, ҚМДБ төрағасы Серікбай Сатыбалдыұлы Түркияның, Ресейдің, Өзбекстанның, т.б. елдердің мүфтилерімен екіжақты ынтымақтастықты нығайту бағытында пікір алмасты.

Айта кетейік, съез жұмысының ашылу рәсімінде түрлі ұлт өкілдерінен құралған хор «Ақ көгершін» әнін орындады. Алқалы жиынға барлық әлемдік және дәстүрлі діндердің өкілдері, сонымен қатар беделді діни лидерлер, саяси қайраткерлер мен халықаралық ұйым өкілдерінен құралған 46 елден 82 делегация қатысуда. Съездің мәртебелі мейманы — Сербия Республикасының Президенті Александр Вучич.

Жаһандық шараның басты және негізгі тақырыбы — «Діни лидерлер қауіпсіз әлем үшін». Алтыншы съезд аясында «Әлем ХХІ ғасыр» манифесі» жаһандық қауіпсіздік тұжырымдамасы ретінде», «Құбылмалы геосаяси жағдайдағы діндер: адамзатты біріктіруге арналған жаңа мүмкіндіктер», «Дін жаһандануы: сын-тегеуріндер мен жауаптар», «Дін көшбасшылары мен саяси қайраткерлер экстремизм мен терроризмді еңсеру жолында»  атты төрт бағыт бойынша секциялық отырыстар өтеді.