الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

БАС МҮФТИ ЕУРАЗИЯ ҒҰЛАМАЛАРЫ ФОРУМЫНЫҢ ХАТШЫЛЫҒЫН ҚҰРУДЫ ҰСЫНДЫ (ФОТО)

 ҚМДБ баспасөз қызметі  muftyat.kz

Астанада өтіп жатқан Еуразия мұсылман ғұламаларының форумында баяндама жасаған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз форумның тұрақты Хатшылығын құруды ұсынды.

«Ислам діні Еуразия мұсылмандары арасында Қарахан кезеңінде тарала бастап, Алтын Орда дәуірінде аяқталғаны баршамызға мәлім. Мәураннахр мен Анадолы және Каспий мен Еділ бойында жаңа түркі-ислам өркениетінің негізі қаланды. Яғни, біздің діни-рухани тұтастығымызды қамтамасыз етіп отырған ортақ тарихымыз бен мәдениетіміз бар. Олай болса, сырттан келіп жатқан тасқындарға төтеп беру үшін Еуразия мұсылмандарының мәдени және рухани интеграциясын жандандыруымыз керек. Бұл ретте форумның тұрақты Хатшылығын құрсақ, ортақ мәселелерді оңтайлы шешетін боламыз», – деп атап өтті ҚМДБ төрағасы Серікбай қажы Сатыбалдыұлы.