الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

БАС МҮФТИ ЕУРОПА ЕЛДЕРІНІҢ ДІНБАСЫЛАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ (ФОТО)

Бүгін ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы «Еуразия мұсылман ғұламаларының форумына» келген Еуропа елдерінің дінбасыларын арнайы қабылдады. Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде өткен кездесуге Украина мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, мүфти Ахмед Тамим, Латвия «Марджани» мұсылмандар қауымдастығының төрағасы Зуфар Заинуллин, Литва мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, мүфти Ромас Якубаускас, Румыния мүфтиі Мұрат Юсуф, Польша мұсылмандары діни кеңесінің мүшесі Якубовский Мачей Стефан, Хорватия мүфтиінің орынбасары Арслани Мевлуди қатысып, ертеңгі болатын айтулы шара алдында өзара сұхбат өткізді.

Кездесу барысында мұсылман әлемінің маңызды мәселелері қозғалып, оларды шешу жолдары мен тетіктері жайлы сөз қозғалды. Сондай-ақ, мұсылман елдері арасындағы ынтымақ пен бірлік жайы айтылып, ертеңгі болатын форумды осы бағыттағы батыл қадам деп бағалады. Осы орайда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жұмысына оң баға беріп, форум жұмысының ойдағыдай өтуіне тілек білдірді. Дін қайраткерлерінің барлығына Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының атынан арнайы сыйлық табысталып, естелік тарту етілді.