الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Бас мүфти қажылыққа аттанғандарды Астана әуежайынан шығарып салды




Бүгін түнде Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы елордадан қажылыққа аттанған 410 адамды Астана әуежайынан шығарып салды. Олардың ішінде астаналық азаматтармен қатар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары да бар.

Қасиетті сапарға шыққандарға ақ жол тілеуге Сауд Арабия Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Абдулализ мырза мен ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің өкілдері, ҚМДБ қызметкерлері келді.

nurly sapar 14

-Алла қаласа, 4-5 сағатта қасиетті Мəдина қаласына жетесіздер. Чартерлік рейс бізге көптеген мүмкіндіктер мен жеңілдіктерге жағдай жасап отыр. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Кімде-кім қажылық парызын өтеу барысында бос әрі жаман сөзден, сондай-ақ, үлкенді-кішілі күнәлардан бойын аулақ ұстаса, анасынан жаңа туғандай пәк болып қайтады» деген хадисі бар. Сіздер Алланың үйіне бара жатырсыздар. Сапардың өзіне тән қиындығы болады. Сабырлы болуға тырысыңыздар. Бір-бірлеріңізге таяныш, сүйеніш, қамқор болыңыздар. Қажылықтың әрбір минутын құлшылықпен, Алланы еске алумен, елімізге, Елбасымызға, жерімізге, Отанымызға дұға-тілек жасаумен өткізу абзал, — деді ҚМДБ төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы. Бас мүфти  қасиетті мекендегі парызын өтеуші қазақстандықтарға батасын беріп, сәт-сапар тіледі.

Биыл елімізден 2500 жерлесіміз қажылыққа аттанады. ҚМДБ Қажылық бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев қажылық миссиясына төрағалық етеді. Қажылармен бірге туристік компаниялардың басшылары болады, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің өкілдері барады, ҚМДБ басшылығы жүреді, арнайы жолсерік имамдар да бар.

Осы арада ерекше атап өтер жайт, биылғы қажылық маусымының ерекшелігі – Қазақстан қажыларын тасымалдау алғаш рет отандық әуе тасымалдаушы компания арқылы жүзеге асады. 26 тамызға дейін SCAT авилайнерлері тікелей рейспен жерлестерімізді Астана, Алматы, Шымкент әуежайынан бірден Мәдина мен Джидда қалаларына жеткізеді. Ал 6-10 қыркүйек аралығында қажылар елге оралады.

Қазіргі таңда Джидда қаласындағы Қазақстан консулдығы қажылық миссиясымен бірігіп қазақстандық қажыларды қабылдау, олардың Сауд Арабия корольдігіндегі қауіпсіздігін сақтау және аман-есен елге жеткізу мәселелерімен жұмыс жасау үстінде.

nurly sapar 2

nurly sapar 11

nurly sapar 5

nurly sapar 9

nurly sapar 6

nurly sapar 4

  «Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі