الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Бас мүфти: Өзге дінге тіл тигізу — мұсылманның сипаты емес (ВИДЕО)

Бас мүфти Серікбай қажы Ораз «Нұр Астана» мешітінде тарауық намазына қатысып, жиналған жамағатқа уағыз айтты, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы Нұр-Сұлтан қаласындағы «Нұр Астана» мешітінде таруық намазына қатысты. Тарауық намазының алдында жиналған жамағатты Рамазан айымен құттықтай отырып, «Әнғам» сүресінің мазмұны турасында уағыз айтқан мүфти хазірет басқа дін өкілдеріне тіл тигізбеу жайында өзінің өзекжарды ойларымен бөлісті.

«Бұл сүренің бір ерекшелігі — мұнда басқа дін өкілдерінің сеніміне тіл тигізбеу жайында аят бар. Онда «Ғайры (өзге) діндегілердің (ғайры сенімдегілердің) Алладан басқа тəңір тұтып, жалынып-жалбарынатын өздерінің сеніміндегі жаратушы деп таныған құдайларына тіл тигізбеңдер. Əйтпесе, олар да надандықпен, білместікпен сендер бір деп таныған Аллаға тіл тигізіп, сендерге де кесірі тиеді...», — делінген.
Сонымен бірге Құранда «Сендердің діндерің өздеріңе, менің дінім өзіме» деп аяқталатын тұтастай бір сүре («Кәфирун» сүресі) бар. Яғни тыныштық үшін, тұрақтылық үшін, ортақ өмір сүріп отырған жер бетіндегі бейбіт өмір үшін барлық нәрсеге төзімділікпен, сабырлықпен, түсіністікпен қарап, басқа біреудің сенімін табаламауы керек екен», — деді Бас мүфти.

Осылайша, қасиетті айдың құлшылығын елордалық жамағатпен бірге өтеген мүфти хазірет тарауық намазының соңында еліміздің тыныштығы, тәуелсіздігіміздің баяндылығы мен халқымыздың береке-бірлігі үшін дұға жасады.