الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

БАС МҮФТИ РАМАЗАН АЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ХАЛЫҚҚА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Рамазан айына байланысты үндеу жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Алдымен, Бас мүфти биылғы Рамазан айының қай уақытта басталатынын айтты.

«Шариғаттың барлық талабын негізге алдық. Еліміздегі астрономиялық зерттеу орталықтарының ғылыми мәліметіне сүйендік. Сондықтан осы жылы Рамазан айы 6 мамырдан басталады. Ал Айт мерекесі 5 маусымға тура келеді. Қасиетті Қадір түні 31 мамырдан 1 маусымға қараған түнге сәйкес келеді. Биыл Рамазан айы 30 күнге созылады», - деді Бас мүфти Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында өткен брифингте.

Сондай-ақ, Серікбай қажы Ораз пітір садақаның мөлшерін айтты.

«Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы жанындағы ғұламалар кеңесінің шешімімен биылғы жылдың Рамазан айында кісі басына пітір садақаның мөлшерін белгіледік. Яғни еліміздегі азық-түліктің оның ішінде бидай мен ұнның орташа есебін ала отырып, жан басына шаққандағы пітір садақаның мөлшерін 300 теңге деп белгіленді», — деді Бас мүфти.

Серікбай қажы Ораз  барша қазақстандықтарды қасиетті айда игілікті істер жасауға шақырды.

«Рамазан –қайырымдылық пен ізгіліктің айы. Алланың ризашылығы үшін әрбір мұсылман өзінің нәпсін тыйып, 30 күн бойы ораза ұстап, ішуден жеуден тыйылса, оразаның сауабы есебінен оның күнәсіне кешірім болады. Сондықтан қазақстандықтарды қасиетті Рамазан айында көптеген қайырымдылық іс-шараға белсене қатысуға шақырамын», - деп түйіндеді сөзін Серікбай қажы Ораз.