الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

БАС МҮФТИ: ТЕЛЕФОНҒА ТЕЛМІРГЕН БАЛАҒА КӨМЕКТЕСУІМІЗ КЕРЕК (ФОТО)

Бүгін ҚМДБ жанындағы Әйел-қыздар секторының аймақтағы өкілдерімен кездескен Бас мүфти Серікбай қажы Ораз балалар арасындағы әлімжеттік, телефонға «тәуелділік», т.б. ұрпақ тәрбиесіне қатысты мәселелер жайлы ойларымен бөлісті.

«Өздеріңіз білесіздер, қазір қоғамда телефонға «тәуелділік» деген үрдіс белең алды. Бүлдіршіндер былай тұрсын, телефонға телмірген ересек адамдарды жиі кездестіреміз. Көп жағдайда ата-аналар оны ойнатудың немесе жұбатудың құралы ретінде береді. Бұл қаншама балалардың денсаулығына зиян келтіруде. Сіздер ана, ұстаз ретінде осы мәселеге жіті мән беріп, телефонға телмірген балаға көмектесудің жан-жақты әдістері жайлы ойланып, нақты ұсыныс берсеңіздер. Бала тәрбиесіне қатысты тағы бір мәселе – мектептегі әлімжеттік оқиғалар. Әйел-қыздар секторы осы түйткілдерге терең мән беруі тиіс», – деп атап өтті Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы.

Сонымен қатар, ҚМДБ Төрағасы С.Ораз деструктивті ағым өкілдері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге қатысты көпшілік елей бермейтін тәсілдер жайлы өз ойын ортаға салды.