الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Бесқарағайда 18-Қазан Рухани келісім күніне байланысты  дөңгелек үстел өтті

Бесқарағай ауылындағы Достық   үйінде аудандық мешіт және аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастырып ұйытқы болуымен « Ұлтаралық және конфессияаралық келісім Қазақстандағы тұрақтылық негізі» атты дөңгелек үстел өтті.  Жиынға  аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Мұхаммедрақымұлы, аудан имамы Серікжан  Аманұлы, ішкі саясат бөлімінің басшысы,  аудандық  ардагерлер алқасының мүшелері, ауданға қарасты округ әкімдері және  ауыл молдалары қатысты. Жиында   аудан имамы Серікжан  Аманұлы діни тұрақтылық, береке-бірлік жайында баяндама жасады.   Кездесу соңында  қатысушылар  көкейлерінде   жүрген  ойларымен бөлісіп, ел тыныштығы үшін бірігіп жұмыс жасайық деген тұжырыммен  тарқасты.

Бесқарағай  орталық мешітінің баспасөз қызметі.