Бесқарағайда өткен Құрбан айт.

 Құрбан айт мерекесі және күндердің үлығы Жұма күні   мешітке жиналған жамағат аудан имамы Серікжан Аманұлының Құрбандықтың шығу тарихы жайлы айтқан уағыз насихатын тыңдап,  Айт намазын оқыды.  Мешітке айт намазына келген аудан әкімінің міндетін атқарушы Ербол Еренұлы барша жамағатты осынау ұлық мейраммен құттықтап,  ізгі тлегін білдірді. Содан кейін аудан басшысы, ауыл тұрғындары арнайы дайындалған орында құрбан шалып,  мұқтаждарға еті таратылды.Түсте Жұма намазынан кейін мешіт жанындағы «Шығыс» кафесінде құрбандық ас  ұйымдастырылып оған аудандағы жасы үлкен ақсақалдар, апалар, жағдайы төмен отбасы мүшелері  шақырылды.

Бас имам Серікжан Аманұлы осындай ұлық мерекені  өткізуге көмек қолын созған  аудан әкіміне өз ризалығын білдіріп,қасиетті күнде баршамызға Алладан денсаулық, жақсылық, бақ-береке, шалған құрбандарыңызды Алла қабыл етіп, еліміз аман,  әр жанұяда жақсылық пен береке болсын  деп  дұға жасап тарқасты.

Бесқарағай орталық мешітінің баспасөз қызметі.