Бесқарағайда өткен  Мәуліт мерекесі.

Қаңтардың 11-і күні  Бесқарағай ауданында аудан имамы Серікжан Аманұлының ұйымдастыруымен, аудан әкімдігінің қолдауымен адамзаттың ардақтысы үмметім деп дүниеге келіп,үмметім деп дүниеден өткен Пайғамбарымыз с.ғ.с.туылған Мәуліт мерекесі аудандық көлемде арнайы аталып өтті. Мерекені көруге рухани азық алуға келген мұсылман қауымы аудандық мәдениет үйіне көп жиналды. Игілігі мол бұл шараға аудан әкімі Нұржан  Тлеужанұлы, әкім орынбасарлары , мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері, ауыл молдалары, аудан тұрғындары және Семей өңірінің өкіл имамы Мақсат қажы Қуанышұлының арнайы қатысуымен өтті. Мәуліт мерекесі Ерназар ауыл имамының құран оқып мешіт жамағаттары  аудандық мәдениет үйінің қызметкерлерінің Алла елшісіне  салауат айтуымен басталды Алғашқы құттықтау сөз аудан әкімі  Нұржан Тлеужанұлына беріліп, ол кісі жиналған қауымды Мәуліт мерекесімен құттықтап,жылы лебізін білдіріп, мерекеге арнайы келген өкіл имамға алғыс хат және Бесқарағайлық  шебердің қолынан шыққан сағатты сыйға тартып рахметін айтып, жастары жетпіске келген ауыл молдасы Дәлелбек ақсақалды және Серік ақсақалды алғыс хатпен марапаттады.

  Келесі кезекте құттықтау сөз алған Семей өңірі бойынша өкіл имамы Мақсат қажы Қуанышұлы өз сөзінде:

Құрметті мұсылман қауымы Мәуліт мерекесі мүбарак болсын! Ұлық мерекеде Аллаға мадақ сүйікті Мұхаммед с.ғ.с Пайғамбарымызға салауат айту сауапты амал.Құранда да Алла Тағала шынында мейірімді Алла  және оның періштелері  Пайғамбарға  салауат айтады. Ей мүминдер сендерде Пайғамбарға салауат айтып, сәлем жолдаңдар деп бұйырады және Пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с хадисінде кімде кім маған бір салауат айтса, Алла Тағала оған он салауат айтады. Он қателігін сызып, он есе дәрежесін жоғарлатады деген тағылымы терең уағыз насихатын айтып мерекенің жоғары деңгейде өтуіне үлкен қолдау көрсеткен аудан әкіміне ризашылығын білдіріп бас муфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің Дін мен Дәстүр кітабін, Құран аяттары жазылған естелік сыйлық пен алғыс хат табыстады . Мерекенің  мазмұнын байытып мәнін аша түскен  аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарының айтқан рухани әндері, дін насихатындағы ғибратты оқиғаларды сахналық көрініс арқылы  бейнелеуі көрермен көңіліне ой салып, көздеріне жас келтіріп ерекше әсерге бөледі.Мереке соңын қорытындылаған аудан имамы: Серікжан Аманұлы  жиналған қауымды Мәуліт мерекесімен құттықтап,  бұл мерекені жоғары деңгейде өткізуге. қолдау көрсеткен аудан басшылығына,  ауыл молдаларына,  мәдениет үйінің өнерпаздарына, жеке кәсіпкерлерге рахмет айтып, алғыс хатпен марапаттады..

 Мерекенің соңы  Томирис асханасындағы аспен жалғасып,дұға тілектер айтылып,  Аллаға иман келтірген Мәуліттен- Мәулітке  аман-есен жеткен құлдарының қатарында болуды нәсіп етсін деп тарқасты.

Бесқарағай орталық мешітінің баспасөз қызметі.