الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Бесқарағайдағы Қадір түні

Бесқарағай аудандық орталық мешітінде биылғы Қадір түні ерекше өтті.Мешіт жанындағы Шығыс асханасында мешіт тарапынан,мекеме басшыларының қолдауымен ауыз ашар дастарханы жайылды.Бұл игілікті дастарханнан мешіт жамағаты,ауыл ақсақалдары,ақ жаулықты аналар ауыз ашып, Алланың разылығынан үміт еткен жамағат мешітте құптан, тарауих намазын оқып, бас имам Серікжан Аманұлының  Рамазан айы оның ішінде түндердің ұлығы Қадір түнінің мың айдан артық екендігі Қадір сүресінде ашық баян етілгенін, бұл түнде жасаған құлшылықтарымыз 83 жыл жасалған мінәжәттің сауабына татитынын, Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Рамазан айында мың айдан артық бір түн бар, кім оның жақсылығынан мақұрым қалған болса, шын мәнісінде (көп нәрседен) мақұрым қалғаны. Бұл түннің “Қадір түні” деп аталуының екі мәні бар: Біріншісі – адамдардың келесі жылғы өмірі мен өлімі, ризық-несібесі, тағдыры белгіленетін түн. Екіншісі – Мың айдан артық бұл түн – өзге түндерден қадірі асқақ, олардан ұлық, берекесі мол,  «қадір-қасиеті мол түн» деген атауға ие болады, — деген  уағыз насихатын тыңдап,қойылған діни сұрақтарға жауап бергендер сыйлықтарын алды.

.Қасиетті түннің соңы  «Шығыс» асханасында мешіт тарапынан ұйымдастырған сәресі аспен жалғасып,жиналган қауым таң намазын оқып еліміздің тыныштығы үшін дұға жасап  тарқасты .

Бесқарағай орталық мешітінің баспасөз қызметі