Біліміңді жетілдіріп, қажылыққа бар Алланың шапағатына бөлен!

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді:
«Кімде-кім білім іздеу жолына түссе, онда Алла оған Жәннәтқа апарар жолды жеңілдетеді. Шынында, періштелер міндетті түрде білім ізденушіге разы болғанын білдіріп қанаттарын жаяды. Ілім үйренерде неге көңіл бөлу керек?1) Көңілін бүкіл жамандықтан тазалау, жақсылыққа ниет ету.
Халықты рухани байыту мақсатында ел мешіттеріде өз үлестерін қосуда. Осы мақсатта Үржар аудандық мешітінде де бірнеше жылдан бері сауат ашу курсы жұмыс жасауда. Ұстаздарымыз мешіттің бас имамы Нұрзат Қасымұлы, Нұр Мүбәрәк университетінің түлегі Дощанов Ғалымбек, Сарыағаш медресесінің түлегі  Кожамсейтов Бейсен молдаларымыз қыс бойы жамағатқа білім беріп, имандылыққа деген білімін жетілдіру мақсатында түрлі шаралар ұйымдастыруда.  Сабақ: фиқһ, сира, құран және ақида пәндерінен өтуде.
Білім алған шәкірттер арасында конкурстар да ұйымдастырылуда.  Мысалы: «Имандылық білімі» конкурсынан озат атанған Үржар ауданының тұрғыны, жеңімпаз ағамыз Ермек қажылыққа жолдама алса,  аудандық мәдениет үйінде «Азан шақырудан» өткен жарыс жүлдегері, жерлесіміз Дарында Алланың мейірімі түскен Мекке-Мәдинә еліне қажылыққа тегін жолдама ұтып алды. Алланың қалауымен аудандық мешітімізде бұдан өзге де игі іс-шаралар  жүзеге асуда. Жас өспірімдер арасында Құранды жатқа оқу сайысы жиі болып тұрады. Жеңімпаздар әділетті түрде жүлделі сыйлықтар, алғыс хаттармен марапатталады.
Ағайын, алда сіздер үшін тағыда игі іс-шара жоспарлануда. Ол сәуір айында мұсылманша білімін сынға салып, оқ бойы озық шыққан білім иесін үлкен олжа, яғни Пайғамбарымыздың мекені қасиетті Мекке-Мәдинә еліне Ұмра Қажылығына бару сапары. Егер сіз арнайы ашылған курсқа қатысып, білім аламын десеңіз есігіміз ашық. Келіңіз білім алып, бағыңызды сынаңыз. Мүмкін алланың қалауы сізге болар.

Үржар аудандық мешіттің
баспасөз қызметі