الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

БІР ЖЫЛДА 148 КӘСІПОРЫН «ҚМДБ ХАЛАЛ» СЕРТИФИКАТЫНА ИЕ БОЛДЫ (ФОТО)

Мүфтият жанындағы «Халал даму» ЖШС 2018 жылы 148 кәсіпорынға «ҚМДБ халал» сертификатын берді. Бұл туралы ҚМДБ Халал стандарттау бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев мәлімдеді. Оның айтуынша, бүгінде 351 кәсіпорын ҚМДБ-ның халал сертификатына ие болған.

 
Еліміз бойынша, 66 дәмхана, 58 ет өнімдері, 30 шұжық өнімдері, 25 тамақ өндірісі, 4 құс фабрикасы, т.б. кәсіпорындар сертификаттаудан өткен.

«Бүгінгі күнге дейін 1002 өнім арнайы лабороториялық зертханада тексеруден өтті. Қызметімізді халықаралық деңгейге көтеру мақсатында Литва, Белорусь елдеріндегі халал стандарттау ұйымдарымен екіжақты меморандум қабылдадық. Биылғы жылдың басты жетістігі: «Халал даму» ЖШС-і малайзиялық JAKIM халықаралық ұйымының тізіміне енді. Бұл – біздің жұмысымыз халықаралық стандарт талаптарына сәйкес келеді деген сөз», – деп атап өтті Б.Мырзагелдиев.

Сонымен қатар, ҚМДБ Халал стандарттау бөлімінің мамандары 2018 жылы 716 имамға арнайы семинар жүргізді.