الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

ҚМДБ жаңалықтары

Діни басқарма жанынан ашылған турфирма қажылық сапарының бағасын жария етті!

Діни басқарма өкілдері «Тауаф» қажылық компаниясының пайда табуды көздемейтінін айтып отыр. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанынан биыл «Тауаф» қажылық компаниясы ашылып отыр. Туристік фирма биылғы жылы 300 адамды қажылыққа апармақ, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Қажылық саласындағы түрлі туристік компаниялардың ұлы қажылықты, ғибадатты туристік сапарға немесе бизнес көзіне айналдырып жібергені баршамызға аян. Осы мақсатта діни  басқарма көп жылдан бері ниет еткен туристік компания биыл құрылды. Мақсатымыз бизнеске, туристік сапарға айналған ұлы құлшылық сапарын өз деңгейінде халыққа паш ету. Жалпы, қажылыққа ниет еткен азаматтардың құлшылығын өз деңгейінде атқаруға көмектесу», — дейді "Тауаф қажылық компаниясының директоры Жәнділла Бекжігітов.

Жалпы, биыл елімізде 2,5 мың адам қажылыққа бармақ. Оның 300-ін діни басқарма жанынан құрылған туристік компания апаруды көздеп отыр.

«Екі қызмет пакетін ұсынамыз. Біріншісі – „Эконом“, құны — 3800 доллар. Екіншісі  - „Стандарт“, бағасы — 4200 доллар. Діни басқарманың қажылық компаниясы болғаннан кейін тек қажыға кететін шығынды шығарып алуды ұйғарып отырмыз. Ұшуы,  жататын жері, жүріп- тұруы, тамағы – осылардың шығыны шығарылып  алады. Онымен бірге топ басшысы имамдар барады, олардың шығыны қосылады. „Эконом“ мен „Стандарттың“ айырмашылығы қонақүйде ғана болады», — дейді ол.

Бұдан бөлек, туристік компанияның имамдары қажылыққа ниет еткен адамдарды ұлы рухани сапарға дайындайтын болады.

Діни басқарма өкілдері «Тауаф» қажылық компаниясының пайда табуды көздемейтінін айтып отыр. Ол алдағы уақытта қажылық сапары үшін арзан баға ұсынатын, халыққа ыңғайлы жағдай жасайтын фирмаға айналады деген пікірде.

Биыл Сауд Арабиясына қазақстандықтар  22-26 тамыз аралығында тасымалданатын болады. Елге қажылар 6-10 қыркүйекте оралады.

Айта кетсек, биыл қажылыққа ниет еткендер Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан тікелей Мекке, Мәдина және Жидда қалаларына жету мүмкіндігіне ие болып отыр.

 

ҚМДБ: ҚАЗАҚСТАН ҚАЖЫЛАРЫН ОТАНДЫҚ «SKAT» ӘУЕКОМПАНИЯСЫ ТАСИДЫ (ФОТО)

Бұл туралы баспасөз мәслихатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев мәлімдеді.

«ҚМДБ мен Сауд Арабия Корольдігі Қажылық министрлігінің арасындағы келісім-шартқа сәйкес, Қазақстан қажыларының жартысын отандық «SKAT» компаниясы, қалған жарты бөлігін қажылыққа шақырушы Сауд Арабия Корольдігі тарапынан «Флай-Нас» халықаралық әуе компаниясы таситын болды. Алла бұйырса, жерлестеріміз осы жылдың 22 тамызынан бастап Мекке мен Мәдина қалаларына тікелей рейстермен ұшады. Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан жүзеге асатын тікелей рейстер Мекке мен Мәдина шаһарын 4-5 сағатта бағындырмақ. Бұл – қажылар үшін, жалпы ұйымдастыру жұмыстары үшін өте қолайлы болмақ», – деп атап өтті Ғ.Мәжиев.

ҚМДБ Аппарат басшысы мәлімдегендей, қажылық маусымы кезінде Мекке мен Мәдина қалаларында Қазақстан Қажылық Миссиясының арнайы штабы ашылып, медициналық пункттер жұмыс істейді. Қажылық Миссиясымен баратын отандық дәрігерлер 24 сағат бойы қажыларға медициналық алғашқы көмек көрсететін болады.

БИЫЛ ЕЛІМІЗДЕН 2500 АДАМ ҚАЖЫЛЫҒЫН ӨТЕЙДІ (ФОТО)

Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қажылық бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

«Биыл Сауд Арабия Корольдігінің Қажылық министрлігі Қазақстанға 2500 қажылық квотасын бөлді. Осы 2500 квота ҚМДБ қажылық комиссиясының талабынан өткен қажылық компанияларына үлестірілді. Биыл отандастарымызға 16 қажылық фирмасы қызмет көрсететін болады. Фирмалардың жұмысын Қажылық Миссиясы жіті қадағалап, тиісті тапсырмалар мен нұсқамалар береді. Қажылық маусымында ескерту алған немесе жұмысы талапқа сай болмаған фирмаларға қатысты ҚМДБ Қажылық комиссиясы арнайы шара қолданбақ. Мақсатымыз – қажыларға көрсетілетін қызметтің барлық түрін жоғары деңгейге көтеру», – деп атап өтті ҚМДБ Қажылық бөлімінің меңгерушісі Бейбіт қажы Әліпбекұлы.

Оның айтуынша, Қажылық Миссиясымен баратын дәрігерлердің негізгі мақсаты – жұқпалы, созылмалы аурулардың алдын алу, қажылық кезінде пайда болатын кез келген ауруды алдын алып, анықтау және дер кезінде емдік шара қолдану, буын ауруларының асқынуын болдырмау, қонақ үйлердің санитарлық-гигиеналық жағдайын бақылау.

ҚМДБ: БИЫЛ 16 ҚАЖЫЛЫҚ КОМПАНИЯСЫМЕН КЕЛІСІМ-ШАРТ ЖАСАЛДЫ (ФОТО)

Астанадағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ғимаратында өткен баспасөз мәслихатында Қажылық бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев биыл мүфтият қажылық сапарын ұйымдастыруға қабілетті деп танылған 16 фирмамен келісім-шарт жасалғанын мәлімдеді.

«Бұл 16 фирма Қажылық комиссиясының талабынан өтіп, қажылықты ұйымдастыруға қабілетті деп танылды. Комиссияның шешімімен аталған фирмалар жерлестерімізге қызмет көрсететін болады. Олардың қызметін Қажылық Миссиясы қатаң қадағалайтын болады. Келісімде көрсетілген талаптар орындалмаған жағдайда фирмаға қатысты тиісті шаралар қабылданады», – деді ол.

Келісім-шарт мәтінінде көрсетілгендей, турфирмаға қатысты төмендегі міндеттемелер енген:

  • Туристік фирма мен қажылыққа баратын азамат арасында ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес, келісім-шарттың болуы;
  • ҚМДБ Қажылық Миссиясының діни және заңнама тұрғысында барлық міндеттерін сақтау;
  • Қонақ үй талаптарына сай қажыларды орналастыру;
  • Қажыларды тиісті транспортпен қамтамасыз ету;
  • Көрсетілген қызмет сапасы ҚР заңнамаларының талаптарына, санитарлық-гигиеналық ережелері мен нормаларына сәйкес болу;
  • Жоғары білімді, тәжірибелі жол бастаушы мамандардың болуы;
  • Негізгі үйлестіруші араб тілін жетік білу, т.б.

ҚМДБ: МҮФТИЯТТЫҢ ӨЗ ҚАЖЫЛЫҚ КОМПАНИЯСЫ АШЫЛДЫ (ФОТО)

Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев журналистерге ресми мәлімдеді.

«Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен ҚМДБ-ның төл «Tawaf travel» атты қажылық компаниясы ашылды. «Tawaf travel» қажыларға жоғары деңгейде қызмет көрсететін болады. Биыл компания 300 қажыны қасиетті сапарға апарады. Әлемдік мұсылман елдеріндегі тәжірибеге сәйкес, қажылық сапарын жергілікті мұсылмандар діни басқармалары ұйымдастырады. ҚМДБ болашақта қажыларға толық қызмет көрсетуді көздейді. Өйткені, қажылық – туристік сапар емес, ол – ұлы құлшылық, асыл дініміз Исламдағы бес парыздың бірі. Ұлы құлшылықты кәсіп көзіне немесе табыс құралына айналдыруға болмайды. Біздің мақсатымыз – қажылық сапарын сапалы деңгейде ұйымдастырып, қызмет сапасын арттыру. Осылайша, еліміздегі мұсылман жамағатының алғысын алу – басты мақсаттарымыздың бірі», – деп атап өтті ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен «Tawaf travel» қажылық компаниясының директоры болып ҚМДБ Мешіт істері бөлімінің меңгерушісі Жәнділла Бекжігітов тағайындалды. Компанияның Астана және Алматы қалаларындағы кеңселері ашылып, қажылық жұмыстарына кірісіп кетті.

 

http://www.muftyat.kz/kz