الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Бородулиха ата-аналарымен кездесу өткізілді

Наурыз айының 28 жұлдызында Бородулиха ауданы Қазақ мектебінде Бородулиха имамы Әріпжан Қожанұлының қатысуымен «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы»атты кездесу болып жиналғандар алдында еліміздегі дін саясаты, дәстүрлі дін және түрлі діни ағымдар туралы, діни экстремизм мен терроризмге қарсы көлемді баяндама жасады. Мемлекетіміз 2011 жылдың 11 қазанында Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңын қабылдады. Бұл Заңда мемлекетті құраушы қазақ ұлтының рухани-мәдени құндылықтарына негіз болған ислам дініне (және дәстүрлі дін – православиеге) басымдық беретін нормалар қабылдады. Бұл дәстүрлі қазақ мұсылмандығын қалыптастырған сунниттік ханафи мазхабының әрі қарай дамуына ықпал етеді, әрі жат діни ағымдар қызметіне де белгілі бір дәрежеде шектеу салады. Қоғамдағы діни ағымдардың көбеюі мен мемлекет тарапынан діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-шаралар жасалынғанын айта отырып, Ғаламтор жүйесі біздің өміріміздің айырылмас бір бөлігі болып отырғанын айта келіп, көптеген азаматтар, оның ішінде, әсіресе жастар ғаламтордан дін туралы ақпаратты ала отырып, өздерінің діни ағымдардың құрбаны болғанын білмей қалатынын ескертті. Өз кезегінде ол еліміздегі дәстүрлі дін туралы түсініктеме беріп, өзге де діни секталар туралы, олардың ықпалы туралы түсініктеме өткізілді. Кездесу соңында қатысушылар қызықты ақпарат үшін алғыс білдіре отырып, тұрғындар арасында ақпараттық алдын алу жұмысын жүргізу керектігін тілге тиек етті. Кездесу соңында қатысушыларға діни бағыттағы адасқан жандар мен жастар туралы фильмдер көрсетілді. Аталған жиналыстың мақсаты: қоғамда орын алып жатқан діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу, ауылдық округтерде қалыптасатын діни секталардың жолын кесу, жастар мен өскелең ұрпақтардың олардың құрбаны болмауын көп болып қадағалап, бірлесе еңбек етуге шақырды.  Мұндай келелі іс-шаралар Қазақстан халқының тыныштығының сақтауға бейбіт өмір сүруінің негізгі кепілі болатынына кәміл сенеміз.

Бородулиха ауданының наиб имамы Айдар Сүлейменұлы.