الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Дальный кентінде мешіт салынатын жерге қазық қағып, алғашқы іргетасын қалау рәсімін өткізді

Семей қаласы Дальный кентінің жамағатын қуанышқа бөлеген жағымды жаңалық. Семей қаласынан бір топ кәсіпкер аудан орталығында мешіт және қарилар орталығы медресесін салып беруді ұйғарып отыр.

ҚМДБ — ның Семей аймағы бойынша өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлы және кәсіпкерлер мешіт жамағаттары, ақ жаулықты қажы апаларымыз мешіт салынатын жерге қазық қағып, алғашқы іргетасын қалау рәсімін өткізді.

Ислам дінінде мешіт, медресе салған адамға о дүниеде де сарай салынатыны айтылады. Ертеңгі күннің қамын ойлап, мешіт салуды ұйғарған кәсіпкер ағаларымызға  тек жақсылық тілейміз. Тілек-дұғалары да қабыл болып, Алла жар болсын деген тілегімізді жолдаймыз.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.