الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

ДӘСТҮР-ТІРЕГІМ ДІНІМ-ДІҢГЕГІМ

Алла Тағала адамзатты түрлі ұлттарға бір-бірлерін танулары үшін бөлген. Бір-бірін тану арқылы олар өздерін таниды, ал өздерін тану арқылы Жаратушыны таниды.  Құран Кәрімде: «Ей адамдар, расында Біз сендерді ер кісі мен әйелден жараттық. Сондай‑ақ, бір‑бірлеріңмен танысуларың үшін сендерді халықтар және тайпалар етіп тараттық. Шын мәнінде Алланың құзырында ең құрметтілерің — көбірек тақуалы болғандарың» [1, 49:13] ‑ дейді.  Хадисте «Мұсылмандар жақсы деп есептеген нәрсе Алланың алдында жақсы, мұсылмандар жаман деп көрген нәрсе Алланың алдынды жаман». Дана халқымыз: « Жақсы заңын болғанша, жақсы дәстүрің болсын» деген.

«Ислам және отбасы жылы» аясында және дін мен дәстүрдің сабақтастығын көрсету ниетімен Семей өңірі бойынша әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен Семей қалалық «Қос мұнаралы» орталық мешітте  «Қазақтың келіндері ай» атты келіндер сайысы өтті.

Іш-шара мақсаты асыл дініміз бен қазақи дәстүрімізді насихаттап жас келіндерге үлгі көрсету. Сайыс келіндеріміздің білімі мен қабілетін айшықтайтын бірнеше кезеңнен тұрды. Сол кезеңдерден өту барысында әжелерден құралған әділ қазылар келіндерге өз бағаларын беріп отырды. Сайыс соңында қатысушыларға ҚМДБ – ның  Семей өңірі бойынша өкіл имам Алтыбай Мақсат Қуанышұлы атынан түрлі номинациядағы алғыс хаттар беріліп, сыйлықтар табысталды. Қонақтарға әжелеріміз дайындаған наурыз көже мен ақ дастархан ұсынылды.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.