الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

ДІН ЖАНАШЫРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

«ШҚО облысының және Бесқарағай ауданының Құрметті азаматы», Семей қалалық «ТВК-6» телекомпаниясының директоры Омарбек Қазанғапұлы Байуақов дініміздің, ана тіліміздің жанашыры биыл жетпіс жасқа толып отыр. Семей аймағының өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлы «ТВК-6» телеарнасына арнайы барып, Омарбек Қазанғапұлын мерейлі жетпіс жасымен құттықтады.

– Құрметті, Омарбек Қазанғапұлы сіздермен бірлесе қызмет атқарып келе жатқанымызға бірнеше жылдың жүзі болыпты. Асыл дінімізді насихаттауда БАҚ-ның орны ерекше, әрине. Соның ішінде сіз басқарып отырған «ТВК-6» телеарнасы, «Ертіс өңірі» және «Спектр» газеттері бұл үдеден шығып, бізге үнемі қолдау танытуда. Ақпарат ағыны қатты жүріп жатқан заманда дұрыс ақпаратты халыққа дер кезінде жеткізу де бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Бұл қажырлы еңбекті, қаражатты талап етеді. Соған қарамастан қолдау көрсетіп келе жатырсыздар.  Сізді жетпіс жасыңызбен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыңызға бақ-береке тілеймін, – деп, Мақсат Қуанышбекұлы Семей қалалық мешіт имамдарының атынан Алғыс хатты табыс етіп, Құран кітапты құрметпен сыйға тартты.

«ТВК-6» телеарнасы ұжымы асыл дініміз Исламды келер ұрпаққа дұрыс жеткізу, жүрегіне иман нұрын ұялату мақсатында көрнекті қызмет атқаруда. Әр жыл сайын Қадір түнінде ауыз ашардан бастап, сәреге дейін тікелей эфирде хабар таратып келеді. Биыл бұл үрдіс 17 рет жалғасын таппақ.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.