الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Дінді саясаттың құралына айналдырмауымыз қажет — Бас мүфти

 

Діни ахуал дін қызметкерлерінің жауапкершілігін одан әрі арттыра түсті. Бүгін Астанадағы Еуразия мұсылман ғұламалары форумында Қазақстан Бас мүфтиі Серікбай қажы Ораз осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінгі таңда әлем қарқынды түрде өзгеруде. Адамгершілік қасиеттер көбіне тасада қалып жатқан қазіргі жаһандану заманында бойына рухани құндылықтарды жинаған жандар ғана сана соғысынан аман қалып, қауіп қатерден құтылады. Жаңа замандағы үрдістер мен сын-қатерлерге төтеп берудің төте жолы — дініміздің асыл құндылықтары мен өрелік өрнектелген діни танымымызды қайта жаңғырту. Біздің діни рухани тұтастығымызды қамтамасыз етіп отырған, ортақ тарихымыз бен мәдениетіміз бар. Олай болса, сырттан келіп жатқан тасқындарға төтеп беру үшін Еуразия мұсылмандары мәдени және рухани интеграцияны жандандыруымыз керек. Біз өзіміздің төл діни тұлғаларымыздың өнегелерін дәріптеуіміз қажет. Яғни, тұлғатану ізденістерін жүргізіп, бірнеше тілде ортақ христоматиялар мен оқулықтар шығару керек деп санаймын. Сондай-ақ, ортақ тұлғалардың жыл сайын дәстүрлі оқуларын жүйелі түрде ұйымдастырғанымыз абзал», — деді Бас мүфти.

Бұдан бөлек ол қазіргі сын-қатерлерге тиісті деңгейде қарсы тұру үшін Еуразия халықтарының, Еуразия мұсылмандарының рухани бірігуі тұжырымдамасын әзірлеуді ұсынды. Сонымен қатар, Еуразия мұсылман ғұламалары форумының тұрақты хатшылығын құру керектігі айтылды. Бұл тұрғыда хатшылық Еуразия мұсылмандарының рухани бірігуі тұжырымдамасын әзірлеу бойынша жұмыс органы болмақ.

«Біз қандай жағдайда да дінді саясаттың құралына айналдырмауымыз қажет. Қазіргі әлемдегі күрделенген діни ахуал дін қызметкерлерінің жауапкершілігін одан сайын арттыра түсті», — деді Серікбай қажы Ораз.