الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ШАРАЛАРҒА 270 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНЕДІ

             KAZISLAM – ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков діни экстремизм мен терроризмге қарсы 2018—2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама жобасын ұсынды. Ол аталған бағдарламаны орындауға 5 жылда бюджеттен қанша қаржы бөлінетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. Ол белгіленген мемлекеттік бағдарламаның мақсатты индикаторлары мен көрсеткіштеріне тоқталды. Бағдарлама радикалды көзқарасты адамдарға, сондай-ақ терроризм мен экстремизмдік зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған. Бұған комитет төрт міндетті шешу арқылы қол жеткізбек. «Радикалдар санын азайтуға бағытталған бастапқы міндеттер: діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шараларын жетілдіру; халықтың радикалдануына сыртқы факторлар ықпалын төмендету, яғни жыл сайын радикалдық ықпалға түскен адамдар санын азайтуды көздейді. Екінші мақсатты индикатор – терактілер мен экстремистік акцияларды жасау әрекетінің уақытында жолын кесу. Ол арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының жедел жұмыстарының тиімді екенін көрсетеді және бұған олардың қызметтерін қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру арқылы қол жеткізіледі. Индикатордың мәні барлық террористік және басқа да акциялардың алдын алу мен уақытында жолын кесуді көздейді. Бұл дегеніміз едәуір салмақты белгі» деді ол. Нұрғали Білісбеков үшінші мақсатты индиактор террористік сипаттағы экстремистік акцияларға іс-шара қолдану жүйесін жетілдіру мен олардың салдарын азайту және жоюды көздейтінін атап өтті. Сондай-ақ, осындай көріністерге шара қолдану арқылы олардың салдарын азайту мен жоюдың дайындық деңгейі 2022 жылдың соңында 95 пайызға артпақ. Комитет төрағасының орынбасары тиісті талаптарға сәйкес келетін террористік тұрғыдан осал объектілердің үлесін 90 пайызға дейін арттыруды жоспарлап отырғанын айтты. «Бақытжан Әбдірұлы, бағдарламада 80 іс-шараны орындау көзделген. Соның ішінде 35-і арнайы сипатта. Оларды іске асыру үшін 5 жыл ішінде 270 млрдтан астам теңге бөлу жоспарланған, соның ішінде республикалық бюджеттен 209,3 млрд, жергілікті бюджеттен 60,7 млрд теңге» деді ҰҚК төрағасының орынбасары.