الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

«ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ – ЖАҢА БЕЛЕСТЕРДІҢ ЖОЛ БАСШЫСЫ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТЕДІ

2018 жылдың 6 наурызында ҚР  Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы «Елбасы жолдауы – жаңа белестердің жол басшысы» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізеді.

Аталмыш шара үстіміздегі жылдың 5 наурызында Елбасының  Қазақстан Республикасының Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында жасаған баяндамасының мәні мен маңызын талдап-түсіндіру мақсатында ұйымдастырылады.

Дөңгелек үстелді Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры, филол.ғ.к. Әбдірәсілқызы Айнұр жүргізеді.

Дөңгелек үстел барысында ҚР ДІАҚМ Дін істері комитетінің Төрағасының орынбасары Мырзаев Балғабек Әбдіқайымұлы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің «Яссауитану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, профессор, тео.ғ.д Кенжетай Досай Тұрсынбайұлы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ әлеуметтік ғылымдар факультетінің Дінтану кафедрасы меңгерушісі, ф.ғ.к., ҒЗТО жетекші ғылыми қызметкеріТышхан Кеңшілік, «Терроримзге қарсы комитет» ҚБ төрағасы Оразбаев Аманжол Зейноллаұлы, «Ұлағат» мәдениет және даму қорының төрайымы Жұмақасова Қамажан Ғабдрашқызы, «Төртінші билік» қоғамдық- саяси газетінің бас редакторы Балтабаев Төлемырза Темірбекұлы, тағы басқа да дін саласындағы білікті мамандар, қоғамдық ұйымдардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері баяндама жасайды.

Семинар барысында төмендегідей тақырыптар аясында мәселелер қарастырылады:

  • Елбасы жолдауындағы әлеуметтік мәселелердің оң шешімдері діни-әлеуметтік келеңсіздіктер мен діни экстремизмнен алдын алудағы маңызды қадам;
  • Елбасы жолдауындағы жастар мәселесінің әлеуметтік бағыттарының оң өзгерістері – жастарды жат пиғылдағы ағымдардан сақтаудың негізгі құралы;
  • Әлеуметтік тұрақтылық – ішкі бірліктің бастар жолы.