Емелтау ауылындағы Мәуліт мерекесі

Аягөз ауданына қарасты Емелтау ауылдық  Мәдениет үйінде Мәуліт мерекесі аталып өтті. Ауыл молдасы Жаңалық Еркінұлы келген халықты, мерекемен құттықтап, уағыз – насихат айтты. Шәкірттер діни қойылымдар қойып, әуезді әндермен тақпақтар айтылды, Мәуліт оқылып, Пайғамбарымызға сансыз салауаттар жолданды.   Мереке соңында ақ дастархан жайылып, құран бағышталды.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі