الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

ЕРЖАН ҚАЖЫ МАЛҒАЖЫҰЛЫ — РЕКТОР КЕҢЕСШІСІ (ФОТО)

 Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз бастап бір топ азаматтар Нұр-Мүбарак университетіне арнайы ат басын тіреді. Негізгі мақсат — Нұр-Мүбарак университеті ректорының кеңесшісі қызметін бастаған Ержан қажы Малғажыұлын жаңа жұмыс орнымен құттықтап, ізгі лебіздерін білдіру. Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы Ержан қажы Малғажыұлының жаңа қызметте еліміздің дін саласында жас мамандарды даярлауда тың серпін беретіндігіне сенімін білдірді. Жауапты қызметті бастаған әріптесіне Бас мүфти бастаған топ сәттілік тілеп, игі тілектерін жаудырды. Қазақ азаматтарының осындай бірлігіне ризашылығын білдірген ректор, профессор Жуда Абдулғани Басюни мырза құрметті қонақтар мен жаңа кеңесшісі Ержан қажы Малғажыұлына шынайы ақ батасын берді.

Сондай-ақ ректор, профессор Жуда Басюни Бас мүфти Серікбай қажы Оразды арнайы қабылдап, университеттегі атқарылып жатқан жұмыстар мен болашақ жоспарларға қысқаша тоқталып өтті.

Ректор кеңесшісі Ержан қажы Малғажыұлын құттықтаушылар құрамында ҚМДБ-ның Дін істері және талдау бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбет, Іс басқарушы Ербосын Бектұрсынұлы, «Таугүл-3» мешітінің бас имамы Камалжан Тұрдыбаев, белгілі исламтанушы Бауыржан Әлиұлы мырзалар бар. Проректор, профессор Шамшәдин Керім Ержан қажы Малғажыұлының біліктілігі еліміздегі ислам білімі мен ғылымын дамытуда да жаңа серпіліс болады деген сенімін білдіріп, Бас мүфти бастаған ҚМДБ делегациясына зор алғысын айтты.