Ғалыммен кездесу

Аягөз қалалық мешітінде ҚМДБ – ның жанынан құрылған ғұламалар кеңесінің, Республикалық ақпарат түсіндіру тобының мүшесі, РҺD докторы, Нұр – Мубарак университетінің оқытушысы, ғалым Мұқан Исахан ұстазбен кездесу өтті. Мешіттің бас имамы Думан Нәдірұлы Мұқан Исахан ұстазды жастар бөлімі мүшелеріне таныстырды. Мұқан Исахан ұстаз дініміздің асыл құндылықтарымен қатар, Қазақстанның зайырлы ұстанымы, мемлекетпен діннің арақатынасының негізгі бағыттары жайында, қоғамдағы жат ағымдардың әрекетімен, істерін жете түсіндіріп, жастар бөлімі мүшелері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі