الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

ИМАМДАР ФОРУМЫ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ (ВИДЕО)

ИМАМДАР ФОРУМЫ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ (ВИДЕО)

Діндарлар құзыретіне қарай қызмет етіп, мешіттердегі міндеттер бірыңғайланады. Діни рәсімдерді өткізуде өзімбілдімге салыну тоқтатылады. Үшінші мәрте өткен имамдар форумында осындай маңызды мәселелерді қамтыған құжат қабылданды. Сондай-ақ қазіргі құбылған заманда құрдымға кетпеу үшін халықты жеті құндылыққа жетелейтін тұғырнама бекітілді. Осы ретте жиынға қатысқан Президент Әкімшілігінің жетекшісі Ерлан Қошанов Мемлекет басшысының рухани-ағартушылық жолында еңбектене беру керек деген сәлемдемесін жеткізді.

Иә, «адамның жақсысы – айналасына пайдалы болғаны». Пайғамбарымыздың осы сөзін имамдар да салмақтап отыр. Бірақ мұны өмір сүру негізі етіп, мән-мағынасын жіті түсіндіру үшін бүгін құжат жүзінде бекітті. Сонымен жеті қазық – әркімнің тұла бойынан табылуы тиіс жеті кісілік сипаты сияқты. Имандылық, отанды сүю, білім алу, бірлікке шақыру, еңбекқорлық, мәдениеттілік пен әділдік жолын берік ұстану. Бұлар әлбетте, тілге жеңіл, тек іске келгенде кібіртіктеп қалуымыз мүмкін.

Серікбай Қажы Ораз, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти:

Яки сырттың болмаса кез-келген басқа мәдениеттердің де төтеп бере алатын, тіпті діни таным -түсініктің теріс ағымдарға да төтеп бере алу үшін негізі өзінің тұғырлы рухани құндылықтарға біздің тәрбиеміз негізделуі керек.

Ендігі мәселе – діни рәсімдер өткізу тәртібі. Яғни тал бесіктен жер бесікке дейінгі жөн-жоралғыны тәртібімен орындау. Себебі кей рәсімдердің айналасында бірізділік жоқ. Мысалы, кей өңірлерде мәйітті тек мешітте жууды міндеттеп қойған діндарлардың да бар екені айтылып жүр.

Ершат Оңғаров, наиб мүфти:

Қайсысы діни рәсім, қайсысы діни рәсім емес осыған қатысты да пікірталастар бар, әртүрлі ойлар бар. Сондықтан біз бірізділікті қалыптастыру үшін діни рәсімдер реестрін жасап отырмыз.

Сондай түсініспеушіліктерді жүйелеу маңызды. Құжатта 45 діни рәсім тізімі түзілді. Бұдан бөлек діндарлардың лауазымдық міндеттері де реттелді. Енді мешіт, медреседегі әр маман құзыреті шеңберінде ғана қызмет көрсетеді. Тағы ауыл имамдарын материалдық тұрғыдан қолдау туралы ұсыныс болды.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

Деструктивті ағымдармен күресіп жатыр. Оларды осы бағыттағы жұмысын қолдау үшін біз бір тетіктерді қарауымыз керек. Мүмкін біз грант арқылы осындай көмек көрсететін де шығармыз.

Сонымен осы форумда мәні терең үш құжат құпталды. Бұл имамдарға бағдар. Осылайша қоғамдағы құлдыраудан шығудың жолы – рухы биік сана қалыптастыру деп танып отыр мұсылманшылықтың тұтқасы болған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы.