الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

ИСЛАМ ЖӘНЕ ӘЙЕЛ фото

  Қазақстан мұсылмандары діни Басқармасының төрағасы, Бас Мүфти, Серікбай қажы Ораз Сатыбалдыұлының ағымдағы жылды «Ислам және отбасы» жылына арнаған болатын. Осыған орай, барлық мешіттерде келешек ұрпаққа үлгі боларлық насихат ретінде өткізіліп жатқан рухани шаралар жетерлік. Сондай шаралардың бірі ҚМДБ ның Семей өңірі бойынша  «Әйел – қыздар секторының» ұйымдастыруымен«Ақ мешіт» қалалық мешітте «Ислам және отбасы жылы» аясында «Ислам және әйел» тақырыбында рухани жиын өтті.  Бүгінгі бойжеткен болашақ ана, ибалы келін, отбасының ұйытқысы екені баршамызға мәлім. « әйел адам бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді». Шараның мақсаты — қыз бала тәрбиесіне көңіл бөлу, жанұядағы орны, отбасының қоғамдағы рөлі, білім алу, және қазіргі таңдағы діндар әйел келбетін айқындау, отбасына және қоғамға  тигізер пайдасы турасында болды.  Шарада имам мен ұстаздар  білімдерімен бөлісіп, асыл әжелер де өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп,жастарға  ақыл-кеңестерін айтты. Ақ дастарқан жайылып, еліміздің береке- бірілігі үшін дұға жасалды.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.