الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

«Ислам және отбасы» тақырыбында семинар

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының Семей өңірі бойынша өкілдігі және  әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Ислам және отбасы» тақырыбында семинар өтті. Іс-шараға сауат ашу курсының ұстаздары мен шәкірттері қатысты. Семинар мақсаты отбасы тәрбиенің қайнар көзі екендігін санамызда жаңғырту. Үш тұлға : ата-ана мен бала арасындағы дұрыс қарым қатынасты, діни, ұлттық қазақы тәрбиені шәкірттер санасына сіңіру.

«Отан — отбасынан басталады» дейді дана халқымыз, жанұя қоғамның ең маңызды құрылымы. Асыл дініміз Исламда отбасы маңызды фактор. Неке — екі жанның қасиетті одағы, қоғамның бастауы.

Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Барлығың да бақташы секілдісіңдер және барлықтарың қоластыларыңдағылар үшін жауап бересіңдер. Басшы — бақташы. Ер адам — отбасының бақташысы. Әйел — ерінің шаңырағы мен балаларының бақташысы. Қысқасы, әрбірің бақташысыңдар және өздеріңе бағынышты жандар үшін жауаптысыңдар» — деп, ерлі-зайыптылардың міндеттерін ашық-айқын көрсеткен.

Семинар барысында ұстаздар отбасының негізгі құндылықтары, ер мен әйел арасындағы, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас таырыбын өрбітті. Қасиетті Құран мен Пайғамбарымыздың (с.а.с.) хадистерінен отбасындағы маңызды мәселер жайлы мысал келтірді.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.