Ислам және жастар

ҚМДБ Семей өңірі бойынша «Әйел –Қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Ислам және жастар» жылы аясында  «Өнеріңмен бөліс» тақырыбында  кезекті шеберлік сағаты өтті.  Шеберлік сағаттарын әртүрлі форматта, әр айдың соңында сауат ашу курсында білім алып жүрген қыз – келіншектер  үшін өткізіп отыру жоспарланған болатын.

Қасиетті құранда : «Білмесеңдер білім иелерінен сұраңдар» деп бұйырылған. Осы мақсатта жексенбілік шеберлік сағатын тігін тігу бойынша өз жұмыстарының  шебері атанған тігіншілер өнерлерімен бөлісіп, тігіншіліктің қыр сырымен бөлісті.   Қазақ оюларын ойып шығару, оюларымен безендіріп жастықшалар және асханаға қажет алжапқыштарды пішіп тігу жолдарын  көрсетті. Қатысқан қыз – келіншектер алдағы уақытта үйренген нәрселерін іске асыруды ниет етті.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.