الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Қағбаның жамылғысын 3 метрге көтерді

Қасиетті Меккеде жылдағы қажылыққа дайындық барынша қарқынды жүріп жатыр. Осы шара аясында Қағба жамылғысы 3 метрге көтеріліп әрі төменгі жағы ақ мақталы матамен көмкерілген.

Бұл қажылық кезінде миллиондаған қажылар айналып өту кезінде жамылғыны қорғау әрі оның тазалығын сақтау үшін жыл сайын жасалатын рәсім.

Жергілікті биліктің айтуынша, кейбір адамдар тіпті Қағба жамылғысынан  кесіп алып, бойтұмар ретінде ұстайды екен, алайда бұлай жасау жарамайтын қылық.

Қажылық аяқталған кезде жамылғы бәз қалпына келетін көрінеді.