Қариларға VII Республикалық Құран байқауына жолдама берілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы VII Республикалық Құран байқауына Семей қалалық Қос мұнаралы орталық мешітінде Құран Кәрімді жаттаған қарилары арасында 30, 20, 10 параны жатқа оқу және мәнерлеп оқу бойынша іріктеу сайысы болып өтті.

Көрсетілген номинациялар бойынша 25-26-шы сәуір күндері Алматы қаласында VII Республикалық Құран байқауына 30 парадан Сұлтанбай Назар, 20 парадан Садық Дулат, 10 парадан Ргелов Ермек, мәнерлеп оқудан Мухаммад Исмайлұлына жолдама табыс етілді.

 Өкіл имам ауқымды деңгейде өтетін байқаудың негізгі мақсаты мен міндетіне тоқалып, онда қойлатын негізі талаптарды атап өтті. Сонымен қатар, Семей өңірі атынан жарысқа қатысушыларға ізгі ниетін білдіріп, ақ жол тіледі.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі