الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Қарттар күніне орай ақ жаулықты әжелерге құрмет көрсетті

ҚМДБ Семей өңірі бойынша «Әйел қыздар секторы» меңгерушісі Тұрлықожанова Динараның  ұйымдастыруымен Халықаралық Қарттар күніне орай жас шәкірттер ақ жаулықты әжелерге құрмет көрсетті. Жыл сайын келетін қарттар күні жас шәкірттер «Үлкенге құрмет...Қариясы бардың қазынасы бар» тақырып аясында қарияларымызға құрмет көрсетіп, ақ баталарын алуда. Биылғы мерекелік шарада Асыл жанды әжелерді ақ дастарқан басында қонақ қылды. Имандылыққа ұйыған  жастар ізгі тілектерін, жылы лебіздерін жеткізді. Әулеттің ұйытқысы, ағайын абысындардың  бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың келіндердің  тәрбиешісі  әрі ақылгөй әжелеріміз де ақ тілектерін білдіріп, осындай ізгі амалдарды насихаттап жүрген имамдар мен ұстаздарға алғыстарын айтты. Шара соңында жастар гүл шоқтарын таратып мерекемен құттықтады.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.