Қасиетті ай қарсаңындағы футбол жарысы

Аягөз ауданына қарасты Ақтоғай бекеті, «Мәнсул» мешітінің имамы Амангелді Серікханұлы бастамасымен футболдан жарыс өтті. Мешіт жамағаты Ақтоғай бекетінде  қасиетті ай құрметіне команда аралық күш сынасты. Мешіт имамы: «Жеңгендер тасымасын, жеңілген жасымасын, Өйткені «бақ шабама, бап шабама» – деген, Бүгін жеңеміз, ертең жеңілеміз. Өмірдің өзі жеңіспен жеңілістен тұрады. Қасиетті ай қарсаңында жағымсыз жаман әрекеттерден тыйылайық» – деген лебізін білдірді.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.